Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметИнфрақұрылымТАЗА АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА!

ТАЗА АУЫЗ СУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІМІН ТАБУДА!

Таза және сапалы ауыз суға деген мүмкіншілік адамның негізгі сұраныстарының бірі. Кім судың зәрулігін көп шексе, сол адам судың қадір-қасиетін, құндылығын терең түсінеді.

«AMANAT» партиясының  Шымкент қаласын дамытудағы басты мақсаты – халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмысын сапасын жақсарту.  Сондықтан, партияның  «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір» атты сайлауалды бағдарламасында  шалғайдағы елді  мекендерді  көркейтуде ауыз су, көгілдір отын, сапалы электр энергиясын 5 жылда 100% жеткізу жоспарланған. Осы мақсатта жүйелі жұмыстар жүргізіп, 2021 жылы ауыз сумен қамтамасыз етуді  98% жеткіздік.

Алайда, Тассай елді мекенінің 2000 астам тұрғыны бүгінгі күні судың қадірін жақсы біледі. Өйткені, ауыз су тұрғындарға күніге кесте бойынша беріледі. Осы мақсатта елді мекенге шығып, сала мамандарымен бірге тұрғындардың жанайқайын тыңдап, оң шешу жолдарын қарастырдық.  Тассайлықтарды 24 сағат таза ауыз сумен қамтамасыз ету үшін  жеке кәсіпкер есебінен су құбырлары толық жаңартылып, қажетті құрал – жабтықтар алынды. Көп күттірмей Тассай тұрғындары тәулік бойы таза сумен қамтылатын болады.

Сонымен қатар, Сайрам, Исфиджап елді мекендеріндегі ауыз су проблемасы көптен бері шешімін таппай отыр. Осыған орай біз бүгін   коммуналдық шаруашылық саласы мамандарымен бірге осы елді мекендерге шығып, зерделеу жұмыстарын жүргіздік. Елді мекендерді сумен қамтамасыз ету жүйелерін қайта жаңарту және кеңейту жобаларын іске асыру мақсатында әзірленіп отырған жоспарлық – сметалық құжаттамаға ұсыныстарымызды жеткіздік.

Құжаттама дайын болған соң, фракция қарауына беріліп, қажетті қаражат бөлінуіне ықпал жастайтын боламыз. «AMANAT» партиясының  ықпалымен көп жылдан бергі қиындықтар артта қалып, ауыл тұрғындары таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ СУЛЕЙМАНОВ ЛАЗИЗ НИЗАМХАНҰЛЫ

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР