Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметОтбасыПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ.

БҮГІН «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының «Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау» мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Мәжілісті қалалық филиал атқарушы хатшысының орынбасары Қалмұратов Мұратәлі Оразәліұлы ашып, жүргізіп отырды.

Қоғамдық кеңестің партия филиалы Саяси кеңес Бюросымен тағайындалған жаңа төрайымы Партияның республикалық Саяси кеңес мүшесі, қалалық маслихат депутаты, «AMANAT» партиясының фракция жетекшісінің орынбасары – Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызын таныстырды.

Күн тәртібінде AMANAT партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған қалалық Сайлауалды бағдарламасының іске асыру жөніндегі Жол картасындағы, 2022 жылдың I тоқсанында орындалу жұмыстарының барысы талқыланды.

Сонымен қатар, Шымкент қалалық Полиция департаменті әйелдерді зорлық зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы Умаргазиева Венера Мыңжасарқызы өмірлік қиын жағдайға түскен отбасылар туралы және олармен атқарылып жатқан жұмыстар және жедел әрекет ету тобының жұмысын жандандыру бойынша есеп берді.

Кеңес мүшелері алдағы уақытта да партия жұмысын жандандырып, нәтижелі жұмыс көрсететіндерін жеткізді.

KazPikiR

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР