Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетСаясатЖАҢА РЕФОРМАЛАР – ҚОҒАМ ЗАҢДЫЛЫҒЫ!

ЖАҢА РЕФОРМАЛАР – ҚОҒАМ ЗАҢДЫЛЫҒЫ!

Мемлекет басшысы, «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылдың наурыз айының 16-шы жұлдызында «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты қазақстандықтарға арнаған Жолдауын жариялады. Жолдауда қоғамдағы саяси үрдістерге байланысты орын алатын оң өзгерістерді атап өтті. Сондықтан саяси тұрақтылықты қалыптастыру мақсатында ең өзекті болып табылатын саяси реформалар – заманның талабына жауап бере алатын болады деп санаймын.

Демократиялық қағиданы ескере келе, жергілікті өзін-өзі басқаруды орталықсыздандыру мәселесі айтылды. Мұнда Мемлекет басшысы билікті орталықсыздандыру үдерісін тереңдете түспесек, саяси жаңғыруды табысты жүргізу және азаматтық қоғамды дамыту мүмкін емес. Біз нақты өкілеттіктерді орталықтан өңірлерге беру ісін жалғастыратынын атап өтті.

Сонымен қатар, ең алдымен, мемлекет пен жергілікті өзін-өзі басқару институттарының міндеттерін тиімді ажырату қажеттігін алға тартуымыз тиіс. сонымен қатар, жергілікті өзін-өзі басқарудың мықты жүйесі азаматтардың өзі тұратын жердегі тұрмыс сапасын жақсартуға тікелей қатысуына негіз болатынын түсінуіміз тиіс.

Ел Президенті саяси жаңғыру аясында мәслихаттар жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі буынына айналуға тиіс деп нақтылап өтті. Бүгінде олар жергілікті мемлекеттік басқару әрі жергілікті өзін-өзі басқару институты ретінде гибридті сипатқа ие болып отыр.

Сондықтан мәслихаттардың өкілеттігін нақты белгілеу қажет екенін айтты. Бұл жерде мәслихаттарға демократиялық қағидаларға сәйкес өкілеттіліктер жүктелетін болады. Сонымен қатар өңірлерді қаржыландыру жүйесін түбегейлі қайта қарауды тапсырып отыр. Себебі, ауылдық округтер жоғары тұрған әкімдерге толығымен тәуелділігі көп жағдайда өздерінің шешім қабылдауында кедергілер келтіретіні сөзсіз.  Сондықтан әкімдердің демократиялық тұрғыда сайланатынын ескеріп, халықаралық озық тәжірибеге сәйкес жергілікті өзін-өзі басқару органдарын тікелей қаржыландыру тәсілінің енгізілуі дұрыс деп санаймын.

Сонымен қатар бұл саладағы халықаралық базалық құжат болып саналатын Жергілікті өзін-өзі басқарудың Еуропалық хартиясын Қазақстанның ратификациялауы мәселесі назарға алынып отыр.  Бұл жұмыстардың барлығы өз айналасындағыларды жұртшылықты толғандырған проблемаларды тиімді шешу ісіне жұмылдыра алатын, нағыз беделді, жауапкершілігі мол жергілікті көшбасшылардың шығуына септігін тигізеді. Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің нығая түсуі өңірлерді дамыту, еліміздегі демократиялық өзгерістерді орнықтыру үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылады деген сөз.

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Козбахов Шыңғыс Лесбайұлы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР