Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетСаясатСАЯСИ РЕФОРМА – ЕЛ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ!

САЯСИ РЕФОРМА – ЕЛ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ!

2022 жылдың 16-шы наурызында Мемлекет басшысы, «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты қазақстандықтарға арналған Жолдауын жария етті.  Саяси құжатта еліміздегі жасалатын реформаларға тоқталып, маңыздылығын атады. Тәуелсіз мемлекетіміз дамудың жаңа кезеңіне – Жаңа Қазақстанға аяқ басты деп санаймын. Бұл біздің сан ғасырлық терең тарихымыздағы бетбұрысты және тағдыршешті және жауапты сәт екенін ескеруіміз тиіс. Мұндай жағдайда сындарлы өзгерістер мен эволюциялық жаңғыру ғана қиындықтарды еңсеріп, еліміздің тұрақты дамуын қамтамасыз ете алады. Ел Президенті реформалауды тереңдетуге бағытталған ауқымды жоспарларын ұсынды.

Сонымен қатар, қазіргі таңда бәсекелестікті қалыптастырып, демократиялық қағидаларды дамытуда партиялық жүйені дамыту мүмкіндіктерін кеңейту қажет екенін назарға алды. Ел Президенті Жаңа Қазақстанды құру ісі адал әрі еркін саяси бәсеке болуын қамтамасыз етуден бастау алатынын ескертіп, партияларды институционалдық және ұйымдастырушылық жағынан дамытуға барынша қолайлы жағдай жасау керектігін алға тартты.

Ендігі кезекте партияларды тіркеу ресімі едәуір жеңілдейтін болды. Тіркеу шегін 4 есеге – 20 мыңнан 5 мың адамға дейін азайтты. Өңірлердегі өкілдер саны 600-ден 200 адамға төмендетілетіні жаңа партиялар құратын азаматтар үшін үлкен мүмкіндік екенін айта кету керек. Яғни, партия құру үшін азаматтардың бастамашыл тобының ең төменгі саны үштен бірге, яғни 1000-нан 700 адамға азаяды. Бұл өз кезегінде жаңа партиялардың жұмыс жасауына кедергілерді жояды деген сөз. Партиялар арасында кәсіби бәсекелестік пен жауаптылықты қалыптастырады деген тоқтамға келуге болады.

Партиялардың көппартиялық жүйені қалыптастыруы – демократияның шынайылығын көрсетеді. Сондықтан Жолдаудағы айтылған нақты тапсырмалар мен саяси реформаларды қолдаймын!

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Балабиев Нұрсұлтан Қайратұлы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР