Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетСаясат САЙЛАУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ!

 САЙЛАУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ!

Қазақстан Республикасының Президенті, «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022 жылдың 16-шы наурызында «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Жолдауын жариялады. Жолдауда Тәуелсіз еліміздегі саяси реформаларға ерекше мән берілді. Маңызға ие болып отырған сайлау жүйесін жетілдіру мәселесі өз шешімін тапты деуге негіз бар. Мемлекет басшысы: «Саяси жаңғырудың басты мақсаты – азаматтардың мемлекетті басқару ісіндегі рөлін арттыру. Бұл жұмысты сайлау үдерісі арқылы да жүзеге асырамыз»,- деп атап өтті.

Сонымен қатар, тағы айтып өтетін болсам, осы уақытқа дейінгі сайлау үрдістеріне кемшіліктер байқалғандықтан, аралас сайлау жүйесіне көшуді ұсынды. Сол кезде барлық азаматтардың құқығы мен көзқарастар, ұстанымдары толық ескерілетін болады. Пропорционалды-мажоритарлы үлгіде сайлаушылардың мүддесі ұлттық және өңірлік деңгейде толық көрініс табатынын айтып, Мәжілістің депутаттық корпусының 70 пайызы пропорционалдық, 30 пайызы мажоритарлық тәсілмен жасақталатыны азаматтар арасында кең қолдауға ие болып отыр.

Ел Президентінің айтуынша, сайлаудың осы тәсіліне оралу өте маңызды. Бұл қадам – партиялардың Мәжіліс пен мәслихатқа өту шегін төмендету үшін осыған дейін қабылданған шешімнің заңды жалғасы. Бұдан былай мажоритарлық жүйе бойынша әрбір аймақ Парламенттің төменгі палатасына өзінің кемінде бір депутатын сайлайтын болады.

Сонымен қатар, пропорционалды және мажоритарлы жүйе қатар қолданылса, мемлекетіміздегі саяси партиялардың рөлі сақталып, дамуына септігін тигізеді. Сонымен бірге бұл жүйе сайлауды әділ өткізуге және мемлекетті тиімді басқаруға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Аралас сайлау үлгісі азаматтардың саяси белсенділігін арттырып, елімізді жаңғырту үдерісіне жұмылдыра түседі. Демократиялық елдердің тәжірибесін ескере отырып, сайлау жүйесіне реформалар енгізу – заман талабы екенін түсінуіміз тиіс. Осы бағытта жүйелі жұмыстарды жалғастырып, Жолдауға қолдау білдіремін!

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Сулайманов Лазиз Низамханұлы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР