«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасының 2022 жылы қаламыздағы көп балалы отбасылар мен халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамту үшін бақылау жасауға жауапты болғандықтан, бүгінгі күнде Тұрғын үй басқармасымен бірлесіп атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпаратты ұсынамын.
Қазіргі таңда, Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 49 282 азамат (жыл басында 48 623) тіркелген. 2022 жылы жалпы арендалық пәтерлермен 1 605 отбасыны қамту жоспарлануда. Оның ішінде, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға – 54, көпбалалы отбасыларға – 476, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобына-218, жұмыс істейтін жастарға-857 пәтер. Бұдан бөлек жергілікті бюджет есебінен – 432 пәтердің құрылысы жүргізілуде.
Ал несиелік тұрғын үйге келетін болсақ, Тұран шағын ауданында орналасқан (5-20-25 бағыты бойынша 1524 пәтер, және «2-10-20 Бақытты отбасы бағыты бойынша 449 пәтер) 1973 отбасыны тұрғынжаймен қамтамасыз ету жоспарлануда. Сонымен қатар 1 652 пәтердің құрылысы жүргізілуде.
Жалпы жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға 198 пәтер, халықтың әлсіз топтарына 176 пәтер жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға 30 пәтер үлестірілді. 2022 жылға тұрғын үй сертификаттарын беру үшін жергілікті бюджеттен 500 млн. теңге қаралған.
Сонымен қатар, кезекте тіркелген 1,2 топ мүгедектерге, жетім балаларға, көпбалалы және мүгедек баланы тәрбиелеуші отбасыларға Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан жеке тұрғын үй қорынан тұрғынжайды жалдау ақысын субсидиялау тетігін енгізу мәселесі қарастырылды.
Бұл ретте, уәкілетті министрліктің есебі бойынша 2022 жылға субсидиялауға – РБ есебінен 5,4 млрд. теңге және ЖБ есебінен 1,3 млрд. теңгені қаржы қарастыру жоспарлануда.
2022 жылы тұрғынжайды жекешелендіру бойынша құжаттарды тапсырғандар 180 оның ішінде: өтеусіз жекешелендірілген – 38 (1,2 топ мүгедектер, саяси қуғын-сүргiндер құрбандары, т.б. ), қалдық құнын төлеу негізінде жекешелендірген – 119 (бюджетке түскен түсім 174,1 млн.теңге), Бас тартылғаны – 7, қаралуда 16 (бюджетке түсетін күтілім 24 млн.теңге).
Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының фракциясы жетекшісінің орынбасары, партия филиалы жанындағы Отбасы мәселелері және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңесінің төрайымы