«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасының 2022 жылы қаламыздағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 67,4% жеткізуге бақылау жасауға жауапты болғандықтан, қазіргі таңда қаладағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтейін.
Қаланың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы аумағындағы Базарқақпа тұрғын алабында 11 шақырым жолға асфальт төселді. Көшелері толығымен орташа жөндеуден өтті.
Атап айтқанда: Шахайдаров, Тельман, Жастар, Ақшенгел, Нарынкөл, Қорғамқұм, Ақыртасі, Таңыртау, Абдалиев және Жалпақтал көшелері. Аталмыш көшелердің орташа жөндеу жұмыстары сәуір айында басталып, өндірістік кестеге сәйкес, маусым айының соңында толығымен аяқталды.
Тұрғын алаптағы осы жылы жөнделген көшелердің жалпы ұзындығы 11 шақырымды құрайды. Барлық көшелерге қалыңдығы 10 см асфальт төселді.
2022 жылы жоспарланған 308 көшенің бүгінгі таңда 77 нысан болатын 190 көшесінде жұмыстар толығымен аяқталды. Ал, қалған көшелерді жыл аяғына дейін аяқтау жоспарланған.
Анарбеков Нұрпейіс Жапарұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі