Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетЭкономикаАУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА!

АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ ПАРТИЯ БАҚЫЛАУЫНДА!

Бүгін «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалында бейнеконференцбайланыс арқылы «AMANAT» партиясы жанындағы Агроөнеркәсіптік комитетінің отырысы өтті. Жиынды партияның Агроөнеркәсіптік комитетінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қ.Б. Абасов ашып, жүргізіп отырды.

Отырысқа «AMANAT»  партиясының Хатшысы Эльдар Тынышбайұлы Жұмағазиев, комитет мүшелері,  мүдделі мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, Комитет төрағалары, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, «Қазақстандық қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің президенті, партияның аймақтық филиалдарының атқарушы хатшылары, Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестердің және Агроөнеркәсіптік комитеттердің төрағалары қатысты.

Күн тәртібінде өте өзекті сұрақ – еліміздегі қант тапшылығы мәселесі қаралды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, оның ішінде қант тапшылығын болдырмау бойынша нақты міндеттер жүктеді. Әлемдегі күрделі геосаяси жағдайға және пандемияға байланысты қант өндірісі 5,5% – ға қысқарды. Қазақстанда қант нарығы импортқа тәуелді. Қазіргі уақытта елімізде тек төрт қант зауыты жұмыс істейді (Жетісу және Жамбыл облыстарында), олар тек үштен біріне ғана жүктелген (31 %). Президент Үкіметтің шұғыл түрде қант саласын дамыту жөніндегі жеке салалық жоба әзірлеуі қажет екенін, оның мақсаты импортқа тәуелділікті едәуір қысқарту, өзін-өзі қамтамасыз етуге біртіндеп көшу болып табылатынын атап өтті.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Ауыл шаруашылығы вице-министрі Өсербай Жеңіс Әлібекұлы және Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитетінің төрағасы Қазанбаев Ержан Қалдыбайұлының баяндамасы тыңдалды.

Отырыс соңында жиынға қатысушылар тарапынан ұсыныстар айтылып, олардың бақылауға алынатындығы жеткізілді. Комитеттің жұмыс органы – Жоспарлау және мониторинг департаменті мүдделі мемлекеттік органдармен мәселелерді тағы да пысықтап, хаттамаға енгізетін болады.

Қазіргі таңда Шымкент қаласының Ауылшаруашылық және ветеринария басқырмасының мәліметіне орай, қалада қант нарығындағы қалыптасқан жағдайға байланысты, ішкі нарықта құмшекердің тапшылығын болдырмау және бағаны тұрақты ұстап тұру мақсатында, өңірлік тұрақтандыру қоры аясында «Magnum Cash&Carry» және «GraMad» сауда желілерінде 480 теңгеден сатып алу мүмкіндігі қарастырылған.

Бұдан бөлек, ірі азық-түлік сауда желілеріне (Баян Сұлу, Имран, Сайман, Асем, Маркет-2) және базарларға (Орталық қырғы, Айна, Алаш, Қапланбек, Жібек жолы, Көктем) қант орталығынан күнделікті 20 тоннадан, сонымен қатар өндіруші кәсіпорындарға 30 тоннадан босатылуда. Сауда желілерде құмшекердің шекті сауда үстемесі 15 пайыз деңгейінде сатылуда.

Сонымен қатар, өңірлік тұрақтандыру қоры аясында, «Мейр-Трейд» ЖШС-мен апта сайын Қажымұқан атындағы орталық стадион аумағында 4 тоннаға жуық құмшекер 480 теңгеден/кг босатылуда. Алайда, құмшекер тапшылығын және спекуляцияны болдырмау мақсатында, тұтынушыларға (жәрмеңкеде әр адамға 5 кг-нан, базарда әр адамға 3 кг-нан, сауда желісінде 2 кг-нан артық емес) шектеу қойылған.

Құмшекер бағасының сауда үстемесін 15 пайыздан асырған  үй жанындағы 29 дүкеннен бұзушылықтар анықталып, оның 20 дүкен бойынша арыз түсіп,  3 дүкенге жоспардан тыс тексеру жүргізу бойынша өкім бекітіліп, құқықтық статистика органынымен тіркелуде. Қалған дүкендер бойынша өкім дайындалып, тексеру тағайындау шаралары атқарылуда.

Бүгінде, қалада құмшекердің 1 300 тоннға жуық қоры бар. «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» (1 000 тонна) және «Көксу» қант зауыты арқылы (600 тонна) жалпы 1 600 тоннаға өтінім ұсынылып, сауда желілер арасында келісім-шарттар түзілген болатын. Бүгінде, қаламызға 272 тоннасы жеткізілуде.

Қазіргі таңда, құмшекер жеткілікті көлемде және тұрғындарды негізсіз дүрліктіру іс-әрекетіне бармауын сұраймыз.


Имашев Қайрат Есенбекұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, партия филиалы жанындағы Агроөнеркәсіптік комитеттің төрағасы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР