Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметИнфрақұрылымСАЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ - БАҚЫЛАУДА

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫ – БАҚЫЛАУДА

«AMANAT» партиясының  Шымкент қаласы бойынша «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021 – 2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасынында 5 жылда «Жолдар және көлік инфрақұрылымы» бағытында  2022 жылдың қорытындысымен жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы қала көшелерінің жағдайы 63,6%-дан 67,4%-ға дейін жететін болады.

Шымкентте 2021 жылы 309,6 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілсе, осы жылы жалпы 361,1 шақырымды құрайтын 190 нысанға жол жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Оның ішінде: құрылыс және қайта құру жұмыстары 67,4 шақырым жолға жүргізіледі, күрделі жөндеуден 19,3 шақырым жол, орташа жөндеуден 261,1 шақырым, 122,7 шақырым жолға шағал тас төсеу жұмыстары жыл соңына дейін.

І жартыжылдық қорытындысымен 91 нысан немесе 188,3 шақырым көшеде жөндеу жұмыстары аяқталып пайдалануға тапсырылды. Оның ішінде 19,3 шақырым күрделі жөндеу, 169 шақырым орташа жөндеу, 10 шақырым магистралды көше, 159 шақырым ішкі орам көшелері.

Жыл соңына дейінгі жоспарлы жұмыстардың аяқталуы нәтижесінде қала аумағындағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 67,4 пайызға жететін болады.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы бойынша 1886 аялдама орны бар. Оның ішінде 1336 аялдама павильоны болса, қалғанына аялдама белгілері орнатылған. 2021 жылдың қорытындысымен жаңа үлгідегі аялдамалар саны 670-ке жетті.

Бұл жұмыстардың сапалы орындалуын «AMANAT»  партиясы фракциясы мүшелері қатаң бақылауға алған. Өйткені, жолдардың сапалы әрі талапқа сай болуы – орнықты әрі табысты дамудың кепілі.

Сулайманов Лазиз Низамханұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы  фракциясының мүшесі, партия филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңесінің төрағасы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР