Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетЭкономикаШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ  16  КӘСІПОРЫН АШЫЛАДЫ.

ШЫМКЕНТТЕ БИЫЛ  16  КӘСІПОРЫН АШЫЛАДЫ.

Шымкент қаласы бойынша «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасының «Экономикалық әлеуетті жақсарту» бағытында өнеркәсіп саласында 5 жылда шетелдік инвесторлардың қатысуымен кемінде 15 жоба іске асыру, 2,5 млрд. АҚШ доллары көлемінде инвестициялар тарту жоспарланған.

Биыл Шымкент қаласының экономикасына тартылатын тікелей инвестиция көлемі 500 миллиард теңгеден асады деп жоспарланып отыр. 2022 жылдың 5 айында 131 миллиард 100 миллион теңгеден астам инвестиция тартылған.

Қала аумағында  16 өнеркәсіптік кәсіпорын ашу жоспарлануда. Бұл жобалар іске қосылғанда мыңға жуық адам жұмыспен қамтылады. 16 кәсіпорынның бесеуі жұмысын бастады, оларда 450-ге жуық адам жұмыс істейді.

Шымкентте биыл шыныдан шыны конструкцияларын өндіретін жаңадан «Авангард» зауыты ашылады.  Жалпы құны 5 млрд теңгені құрайтын инвестициялық жоба аяқталғанда 50 жаңа жұмыс орны құрылады.

«Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан Орталық Азияда теңдесі жоқ алюминді банкілер шығаратын «KazALPack» ЖШС-ның көлемі 6 гектар. Инвестициялық жобаның құны – 23,4 млрд. теңге. Жылына 500 млн қақпағы бар банкі шығаруға қауқарлы кәсіпорын 157 адамды жұмыспен қамтып отыр. 80 пайыз ішкі нарыққа, 20 пайыз сыртқы нарыққа шығарылады. Өткен айда техникалық пайдалануға берілді. Өндірілген өнім елге келген импорттың 60 пайызын алмастырады.

Сулайманов Лазиз Низамханұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы  фракциясының мүшесі, партия филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңесінің төрағасы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР