Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау мақсатында «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Шымкент қалалық филиалының Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» қолдауымен «Жастар бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру жөнінде іс-шаралар кешенін жүргізу» атты әлеуметтік жобасы шеңберінде іс-шара өткізілді.
Шараның басты мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды, белсенді азаматтық ұстанымды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа азаматтық сектор өкілдерін тарту арқылы мемлекеттік қызмет көрсету саласында сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілікті» қалыптастыру.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мен күресу «AMANAT» партиясының негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Партия тарапынан бұл бағыттағы жасалынып жатқан жұмыстарға өзіндік үлесін қосып келеді.
Модератор, «ЖАҢАРУ» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ Шымкент қалалық филиал басшысы: Талғат Нұрдәулет Ибадуллаұлы іс-шараны жүргізіп отырды.
Жиынға, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі ретінде қатыстым. Сонымен қатар жиынға Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Абуова Гүлбала Елібайқызы, Әл-Фараби ауданы әкімінің орынбасары Мұсабаев Алдияр, «Оңтүстік» телеарнасының журналисті Ташева Аида Абибуллақызы, Шымкент қалалық «Жастар Ресурстық Орталығы» КММ – директорының орынбасары Орынбеков Заманбек Оралбекұлы, білім саласының жас ұстаздары, жоғары оқу орындарының студенттері, жас спорт шеберлері және «Жаңару» белсенділері қатысты.
Кездесуге 50-ден аса адам қатысып, өз ойларымен бөлісіп, пікір алмасты. Жиын соңында жастар тарапынан түскен ұсыныстар қабылданды.
Сүлейменов Қайрат Мұсаханұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі