Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ - АМАНАТТЫҚ ДЕПУТАТҚА ҚАЖЫ АПАМЫЗ БАТАСЫН БЕРДІ!

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – АМАНАТТЫҚ ДЕПУТАТҚА ҚАЖЫ АПАМЫЗ БАТАСЫН БЕРДІ!

Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз қарсаңында Шымкент қаласы мәслихатының депутаты,  мәслихаттағы  «AMANAT» партиясының фракция жетекшісінің орынбасары әрі партияның қалалық филиалы жанындағы «Отбасы, әйелдер және балалардың құқығын қорғау» жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің  төрайымы Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызы «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» және «Бақытты отбасы» жобалары аясында қаладағы қазыналы қарттарымыз бен аналарымызды Наурыз мерекесімен құттықтады.

Қазақ халқында: «Қарты бар елдің – қазынасы бар!», – демекші бақытты отбасылардың ұйытқысына айналған барлық ата-әжелерге, әке-аналарға, ұл-қыздарымызға құрмет көрсету аманаттықтар үшін парыз деп саналады. Жадыра Нағашыбайқызы қажылық сапарда Тәуелсіз еліміздің тыныштығы мен патшамызға деген ыстық ықыласын жеткізген Мариям қажы апамыздың қолынан зәм-зәм суын ішіп, ақ батасын алды. Жүздесу барысында аманаттық депутат бейбіт Қазақ елінде барлық отбасыларға амандық, дендеріне саулық, бақ – береке тілеп, Наурыздан – наурызға жете берейік деген ыстық лебіздерін жеткізді!

KazPikiR

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР