Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз қарсаңында Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясының фракция жетекшісінің орынбасары әрі партияның қалалық филиалы жанындағы «Отбасы, әйелдер және балалардың құқығын қорғау» жөніндегі аймақтық қоғамдық кеңестің төрайымы Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызы «AMANAT» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» және «Бақытты отбасы» жобалары аясында қаладағы қазыналы қарттарымызды Наурыз мейрамымен құттықтады. Халқымызда: «Қарты бар елдің – қазынасы бар!», – демекші бақытты отбасылардың ұйытқысына айналған барлық ата-әжелерге, әке-аналарға, ұл-қыздарымызға құрмет көрсету аманаттықтар үшін парыз деп саналады.
Осыған орай, бүгінгі жүздесуде өңірімізге еңбегі сіңген дәрігер, қандас атамыз Мырзабековтер әулеті ерекше мақтауға лайықты болды. Бұл әулетте 8 ұл мен 2 қызы үйлі болып, 40-тан астам немерелерінің алды ер жетіп, еліміздің барлық өңірлерінде Отанымызды қорғауда қарулы күштер қатарында қызмет атқарады екен. Бізді сүйсіндіргені аманаттық депутат келеді деп, халықтың жанашырына айналған қандас халық қалаулысын күтіп отырғаны тәнті етті.
Жадыра Нағашыбайқызына Мырзабековтер әулеті ақ баталарын жаудырып, аманаттықтарға алғыстарын жеткізді. Елбасы мен Мемлекет басшысының саясатын толық қолдайтындарын, іске асуда өздерінің үлестерін қосуда аянбай еңбек ететіндерін айтты. Ұлық мереке қарсаңында халық қалаулысының келгеніне ризашылықтарын білдіріп, аманаттықтармен бірге екенін айтып өтті.
Жүздесудің соңында аманаттық депутат бейбіт Қазақ елінде барлық отбасыларға амандық, дендеріне саулық, бақ – береке тілеп, Наурыздан – наурызға жете берейік деген ыстық лебізін арнады!
KazPikiR