Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетҚұқықЖОЛДАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ  - САЯСИ ӨЗГЕРІСТЕРДЕ!

ЖОЛДАУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ  – САЯСИ ӨЗГЕРІСТЕРДЕ!

Мемлекет басшысы, «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты қазақстандықтарға арнаған Жолдауын жариялады. Жолдауда демократияның негізі болып табылатын өкілді органның қызметін жаңғырту мәселесіне назар аударылды. Осыған байланысты американың 16-шы Президенті А.Линкольн: «Демократия – халық үшін, халық сайлаған, халық билігі» – деп атап көрсетті. Сондықтан өкілді билік тармағын қайта құрудаПрезиденттің өкілеттігін біртіндеп қысқарта отырып, Парламенттің рөлін айтарлықтай арттыруды көздеп отыр. Сол арқылы мемлекетіміздің институционалдық тұғырын нығайтуға болатынын айта аламыз. Мемлекетте өкілді билік тармағы мықты болуы қажет. Халықтың сенім мандатына ие болған депутаттарға жоғары жауапкершілік жүктеліп, мемлекетімізді өркендету ісіне белсене атсалысуға тиіc.

Осы орайда, Президенттің Сенаттағы квотасын 15-тен 10 депутатқа дейін азайту туралы шешім қабылданды. Оның бес депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы қазіргідей сайламайды, тек ұсынатын болады. Осылайша, Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі квотасы жойылатыны анық. Бұл квота Сенатқа ауысып, 9-дан 5 депутатқа дейін кемиді. Соның нәтижесінде Мәжілістегі депутаттардың жалпы саны азаятын болады. Сенатқа Мәжіліс қабылдаған заңдарды тек мақұлдау немесе мақұлдамау құқығын беретін норма енгізілетін болды. Соған сәйкес, заң қабылдау құқығы Мәжіліске ғана тиесілі болып отыр. Ал, Сенаттың өкілеттігін Конституциялық кеңес пен Жоғары сот кеңесінің төрағасы лауазымына ұсынылатын кандидаттарға келісім беру құқығымен толықтырылады.

Сонымен бірге, мықты мәслихаттар өзекті мәселелердің шешімін табуға және аймақтардағы тұрмыс сапасын жақсартуға әсер ете алады. Олардың рөлін арттырып, дербестігін қамтамасыз ету үшін Мәслихат төрағасы лауазымы енгізіледі. Бұл өз кезегінде партиядан сайланған фракция мүшелерінің рөлін нығайтады дегенге келеді.

Сондықтан, Ел Президенті, «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауда берілген тапсырмалары мен реформаларын іске асыруда белсене атсалысамыз деген сенімдемін. Барлық партияластарды Жаңа Қазақстанды құрудағы негізгі бастамаларға ұйытқы болып, жұмыла жұмыс жасауға шақырамын!

Түркістан облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Давлетяров Нұралы Абдрахимұлы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР