Қазақстан Республикасының Президенті, «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылы наурыздың 16-шы жұлдызындағы қазақстандықтарға арнаған «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты Жолдауына Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қайрат Есенбекұлы Имашев пікірін білдірді. Жолдауда айтылған өкілді билік тармағын қайта құру мәселесіне толық қосылатынын және іске асуына фракция мүшесі ретінде өзіндік үлесін қосатынын жеткізді. Аманаттық депутаттың пікірінше: «Мемлекет басшысының елімізде өкілді билік тармағы мықты болуы қажет. Халықтың сенім мандатына ие болған депутаттарға жоғары жауапкершілік жүктеледі. Олар мемлекетімізді өркендету ісіне белсене атсалысуға тиіс, деген пікірі өте өзекті әрі қазіргі қоғамның талабына сай болып тұр. Сондықтан заңшығарушы билік парламенттің орны мен рөлін күшейтуде барынша жағдай жасалуы керек. Өкілді орган күшейген сайын, мемлекетіміздің институционалды бағыты нық болатыны сөзсіз. бұл әлемдік тәжірибеде бар үрдіс болып табылады. Демократиялық қағидалардың дамуына тиімді тетіктердің қалыптасуына септігін тигізетіні анық. Жолдаудағы Сенат депутаттарының тағайындалатын санын азайтып, Қазақстан халқы Ассамблеясының Мәжілістегі квотасының жойылып, жоғары палатаға берілуі үлкен өзгерістерді алып келетіні белгілі. Мәжіліс палатасының өкілеттіліктерін кеңейтіліп, саяси дамуларға жол беріледі. Саяси реформалар – болашақ елдің гүлденуінің кепілі болады деген сенімдемін!».
KazPikiR