«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы жанындағы «Miras» аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысы өтті.
Кеңес отырысында азаматтық қоғам және мәдениетті дамыту мәселелері бойынша құрылған «Мiras» аймақтық қоғамдық кеңесінің жаңа құрамы таныстырылды.
Мәжілісте Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған реформаларды жүзеге асыру барысын, партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған қалалық сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуын және мәдениет саласындағы күрделі мәселелер талқыланды.
Сондай-ақ мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы басшысының м.а. Бақов Демеуғали Ертайұлы және Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Әділханов Бексұлтан Ержанұлының баяндамалары тыңдалды.
Жиынға кеңес мүшелерімен қатар, мемлекеттік мекеме басшылары, партия филиалының жауапты қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысты.