Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметСпортАМАНАТТЫҚТАР САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУДА!

АМАНАТТЫҚТАР САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫҢ ОРЫНДАЛУЫН БАҚЫЛАУДА!

«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021 – 2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша әзірленген Жол картасындағы 43,49-шы тармақтары бойынша 2022 жылы қалада 18 100 адамды қамтитын 30 секцияның ашылып, дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтарды қамту деңгейін 28,6%-дан 31,5%-ға дейін жеткізу жоспарланған. Осы іс-шараның орындалуына бақылау жасауға жауапты Шымкент қалалық мәслихат депутаттары, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Сүлейменов Қайрат Мұсаханұлы мен Қозбахов Шыңғыс Лесбайұлы спорт саласының жетістіктері мен бой көтеріп жатқан нысандарға барып танысып шықты.  

Сонымен қатар, даңқты боксшы, әлем чемпионы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Біржан Жақыповтың «Али спорт» мектебінде болып, жас жеткіншектердің жаттығуларын тамашалады. Мемлекет басшысы, «AMANAT» партиясының Төрағасы Қ.Тоқаевтың бұқаралық спортты дамыту тапсырмасына орай қаладағы секция жұмыстарына зерделеу жасап, алдағы міндеттерге тоқталды. Партияның сайлауалды бағдарламасы фракция мүшелерінің бақылауында болатынын жеткізді.

KazPikiR

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР