Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметСАЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА ОРЫНДАЛУДА!

САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМА ОРЫНДАЛУДА!

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы,  «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына орай, партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған қалалық сайлауалды бағдарламасында тұрғындардың 700-ге жуық ұсыныстары ескерілді. 10 басымдықтар мен 149 тармақ 475 индикатордан тұратын Жол картасын бес жылда іске асыру үшін 1,3 трлн. теңге қарастырылған.

12 айдың қорытындысы бойынша 2021 жылға жоспарланған 122 іс-шараның бүгінгі күнге дейін 112-і (92%) аяқталып, 10 – ы (8%) 2022 жылға өтпелі болып отыр.   Ендігі кезекте Сайлауалды бағдарламадағы 10 басымдық бойынша 12 айда атқарылған іс-шараларға тоқталып өтейін:

1. Тұрғын үй және инфрақұрылым саласында жылдың соңына дейін 661 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған. 12 айда 1 миллион шаршы метр тұрғын үй қолданысқа беріліп отыр. Оның ішінде,  1189 пәтер көпбалалы аналар мен әлеуметтік әлсіз топтағы азаматтарға берілді.

2. Әлеуметтік салада оң өзгерістер көп. Атап айтқанда,  2021 жылы  6052 орындық 12 мектептің салу жоспарланған. Нәтижесінде көрсеткіш 13 мектепке артық орындалып, 12 714 орындық 25 мектеп пайдалануға беріліп отыр.

Медицина саласында 2021 жылы 2 медициналық мекеме салу жоспарланған. Нәтижесінде тәулігіне 2500 азаматты қабылдайтын 5 медициналық мекеме салынды.

Сонымен қатар, партияның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған түзету орталықтарының жұмысы күшейтіліп, «Тең қоғам» оңалту орталығы ашылды.

Бұқаралық спортты дамытуда 2021 жылы 2 спорт нысанын салу жоспарланып, 1200 орындық  2 спорт кешені салынып, пайдалануға беріліп отыр.  Жоспар орындалды. Биылға жоспарланған 6 стрит-воркауттың орнына 7 стрит-воркаут салынды. 73 спорт алаңшаларының орнына 115 спорт алаңшалары салынып жоспар артығымен орындалды. 20 секция ашу жоспарланып, бүгінде 37-ге жетіп отыр. Бұл көрсеткіште артығымен орындалды. Сонымен қатар, 300-ге жуық спорттық шаралар ұйымдастырылып, 45 мыңнан астам қатысушыларды қамтыды және спортпен шұғылданушылар санын 31% жеткізу жоспарланып, бүгінде 31,2% құрапотыр.

Мәдени туризмді дамыту саласында ескі қалашықтағы «Цитадель» мұражайының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді. Мемлекеттік тілдің қолдану аясы кеңейтіліп, өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін оқып-үйренуіне жағдай жасау мақсатында 600-ден астам азамат оқудан өтті.

3. Экономикалық әлеуетті  жақсартуда 2021 жылы 14 233 азаматты тұрақты жұмыс орнымен қамту жоспарланған. Жоспар орындалды. Жол картасы аясында инвестиция  көлемі – 54,3 млрд теңге құрайтын аграрлық және кәсіпкерлік саласында 21 кәсіпорын іске қосылды.

4. Шағын және орта бизнесті дамыту бойынша «Мен кәсіпкер боламын» өңірлік бағдарламасын іске асыру аясында 20 жобаның орнына 28 жоба іске асырылып отыр. «Еңбек» кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының аясында 60 шағын кәсіпкерлікке қолдау көрсету жоспарланып, бүгінгі күні 70 жоба қаржыландырылды. Бұл көрсеткіштер де артығымен орындалып отыр.

5. Шалғайдағы елді  мекендерді  дамытуда 2021 жылға ауыз сумен қамтамасыз етуді 95,6 пайызға жеткізу жоспарланған. Бүгінде 98% жеткіздік. 2021 жылға көгілдір отынмен тұрғындардың 93% қамтамасыз етуде сағатына 250 мың куб метр құрайтын №3 автоматты газ реттегіш станциясының  құрылысы аяқталды. «Бозарық», «1-М-1» қосалқы электрстанциялары іске қосылды.  2021 жылға сапалы электр энергиясымен қамтамасыз етуді 95% жеткізу жоспарланған. Бүгінде осы көрсеткішке жеткіздік. 2021 жылы 16 шақырым кәріз жүйесін салу жоспарланған. Бүгінде 100% орындалды.

6. Экологиялық ахуалды жақсарту бойынша орталық көшелерінің бойына, қоғамдық орындарға егілетін сәндік гүлдер, декоративті ағаш көшеттерін дайындайтын 200 гектар тұқымбақ ашуға жер бөлініп, жұмыстар атқарылып жатыр. Қала тазалығын сақтауда 1474 контейнерлер жаңартылды.       

7. Жолдар мен көлік инфрақұрылымы саласында 2021 жылға жоспарланған 4 көпірдіңқұрылысы аяқталып іске қосылды. 165 аялдамаларды мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы етіп жабдықтау жоспарланған. Бүгінгі күні 210 аялдама жабдықталып, пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін жалпы 250-ге жеткіземіз. Қоғамдық көлік саласында 590 жаңа автобустар бағыттарға қойылды. 100% қоғамдық көліктерге электронды билет жүйесі енгізілді. «Шымкент байк»  жүйесі іске қосылды. Ағымдағы жылға жөндеуден өткен 125 көшенің жалпы ұзындығы 183,4 шақырымды құрап отыр.

8. Қоғамдық қауіпсіздік саласында 136 мектептерде бейнебақылау камералары мен турникеттер орнатылды. Қалада 3740 камера орнатылып жұмыс жасауда (оның 1500-і жалпы бақылауға, 2240-ы жол қауіпсіздігіне арналған).

9. Жастарды  қолдауда осы жылы жұмысшы жастарға 300 пәтер беру жоспарланып, орындалды. Жыл соңына дейін тағы да қосымша 600 жастарға пәтер беріледі. 2021 жылы 900 орындық 2 жатақхана салу жоспарланған. Нәтижесінде 1500 орындық 4 жатақхана пайдалануға берілді. Көпбалалы жас отбасыларға арналған «Шаңырақ» психологиялық, құқықтық-кәсіптік кеңес беру институты іске асырылды.

10. Цифрландыру саласында қаладағы 4 аудандық полиция басқармасының жанынан «Бір терезе» қағидаты бойынша фронт-офистер ашылып, жұмыс жасауда. «БІР ТЕРЕЗЕ» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді 96% жеткізу жоспарланып, бүгінде  99% құрап отыр. Қалада «109» желісімен «Iкoмек» жедел қызмет көрсету орталығы ашылды. Мұғалімдерді жұмысқа орналастырудың автоматтандырылған «HR-процесс» жүйесінің мүмкіндіктерін кеңейту бойынша» жобасын іске асырылды.

Партия нақты істер партиясы! Әрқашан халыққа берген уәдемізді толық орындап шығамыз деген сенімдемін.

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі, Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Қожамжарова Дария Пернешқызы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР