Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетҚұқықПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ НАҚТЫ ЖҰМЫСТАРДЫ АТҚАРДЫ.

ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ КОМИССИЯСЫ НАҚТЫ ЖҰМЫСТАРДЫ АТҚАРДЫ.

«Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық және аудандық филиалдары Партиялық бақылау комиссиялары тарапынан 2021 жылы  атқарған жұмыстары туралы ақпаратты ұсынамын.

Шымкент қалалық Партиялық бақылау комиссиясы жұмысының ең басты мақсаты – ішкіпартиялық тәртіп пен Этика кодексі талаптарын қатаң сақтау және оны мүлтіксіз орындау болып табылады.

Қазіргі таңда, халық арасында көтерілген проблемалық мәселелерді шешу жөніндегі жұмыс Шымкент қалалық партиялық бақылау комиссиясының ерекше назарында.

Шымкент қаласы және аумақтық партия филиалдары жанында барлығы 5 комиссия жұмыс атқарады. «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық жанындағы партиялық бақылау комиссиясының 2021 жылғы жұмыс жоспарына сәйкес, есепті мерзімде 11 отырысы өткізілді.

Өткізілген отырыстарда 12 басқарма басшысының, 3 аудан әкімінің, 1 департамент басшысының және 2 аудандық партиялық бақылау комиссиясының есептері тыңдалды.

Күн тәртібінде мемлекеттік және өңірлік бағдарламалардың орындалуы, бюджеттен бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді жұмсалуы, партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша бекітілген Жол картасының орындалуы және БАҚ-да жарияланған резонанстық мәселелерді қарау талқыланды.

Өткізілген отырыстарды 151 ұсыныс беріліп, 128 шешімін тапты, 23 ұсыныстың қаралу мерзімі бар.

Ал, аудандық партия филиалдары жанынан құрылған партиялық бақылау комиссияларының отырысы 28 рет өткізілді. Ол отырыстарда 136 ұсыныс беріліп, 101 шешімін тапты. 35 – нің орындалу мерзімі бар. 2021 жылы жеті партия мүшесінің жауапкершілігі қаралды.

Есепті кезеңде қалалық және аудандық партиялық бақылау комиссияларына 16 арыз-шағым түсіп барлығына заңда көрсетілген мерзімде жауап берілді.

Сонымен қатар, қалалық және аудандық партиялық бақылау комиссиялары тарапынан атқарылып жатқан жұмыстары туралы бұқаралық ақпарат құралдарында 400 – ден астам ақпараттық материялдар жарияланды.

Бұған қоса қалалық және аудандық партиялық бақылау комиссиясының мүшелері мемлекеттік және партиялық бағдарламаларының орындалуы бойынша жалпы 100 – ден астам  дөңгелек  үстелдер мен семинарларға қатысты.

Қалалық және аудандық филиалдар Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері қаламыздағы жол құрылысының сапасы, мектептер мен бала бақшалардың ыстық су, ғимарат ішіндегі әжетханамен қамтылуы, партияның Жол картасында көрсетілген ғимараттардың сапасы мен орындалу барысы туралы 90 – тан астам рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.

Бұған қоса «Nur Otan» партиясының имиджін арттыру мақсатында Шымкент қалалық партия филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері БАҚ-да және әлеуметтік желілерде жарияланған проблемалық, резонанстық және өзекті меселелерді бақылауға алып, орындалуы бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.

Жоғарыда аталған бағыттаға жұмыстар жалғастырылып, орындалуы бақылауға алынатын болады.

 Шымкент қаласының мәслихат депутаты, Nur Otan партиясы фракциясының мүшесі, қалалық филиалдың Партиялық бақылау комиссиясының төрайымы Қожамжарова Дариякүл Пернешқызы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР