Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетСаясатҮНДЕУ – БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚТЫ ТУ ЕТЕДІ!

ҮНДЕУ – БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚТЫ ТУ ЕТЕДІ!

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаев 2022 жылдың 6 маусым күні референдум қорытындысы бойынша Қазақстан халқына үндеуін жариялады. Үндеуде референдумның жоғары дәрежеде өткенін айтып, барлық белсенділерге алғысын білдірді. Тәуелсіз Еліміздегі 27 жылдан кейінгі өтіп жатқан жалпыхалықтық референдум демократиялық қағидаларға негізделіп өтті. Бұрынғы саяси науқандарға қарағанда бұл жолы азаматтардың саяси белсенділігі мен саяси мәдениеттілігі жоғарлағаны байқалды.

Референдумды қолдау бойынша республикалық штабтың мүшесі ретінде дауыс берушілермен кездесулерде конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың болашақ үшін жасалынып жатқанын айтып, түсіндіріп өткен болатынмын. Барлық азаматтар елдің болашағы үшін өзгерістерге дауыс беретіндерін жеткізген еді. Міне, сол жұмыстардың нәтижесі өте қарқынды болғандықтан, референдумға қатысуымыз белсенді болды. Осы үндеуде айтылғандай, дауыс беру мен қатысуымыз демократияның талаптарына сай өткендігін нақтылап өтті. Барлық халықаралық және отандық эксперттер мен байқаушыларымызда растап, мемлекетіміздің ертеңі үшін үлкен жетістіктер болатынын жеткізді. Бұл еліміз үшін беріліп жатқан оң баға деп есептеймін.

Ел Президентінің үндеуі еліміздің болашағы бірлік пен ынтымақта болуды көздейді. Мемлекет басшысы «Референдум нәтижесі саяси жаңғырудың анық символына айналды. Азаматтарымыз зор жауапкершілік танытты және отансүйгіштік қасиетін паш етті. Біз Жаңа, Әділетті Қазақстанды құру жолындағы бірлігіміз бекем екенін көрсеттік. Конституциялық түзетулер мемлекеттігіміздің тұғырнамасын түбегейлі өзгертеді. Бүкіл қоғамның дамуына тың серпін береді» – деп баршамыздың еліміздің келешегіне атсалысуға шақырды. Барша азаматтар Үндеуді қолдап, еліміздің гүлденуі үшін бар күш-жігерін жұмсайды деген сенімдемін!  

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Қожамжарова Дария Пернешқызы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР