«AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты 2021-2025 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасының 2022 жылы қаламыздағы жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 67,4% жеткізуге бақылау жасауға жауапты болғандықтан, қазіргі таңда қаладағы атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып өтейін.
Биыл жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан 190 нысанда жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуді жоспарланған. Оның ішінде: 2 нысан жолайрықтың құрылысы (Рысқұлов-Қонаев, Бәйдібек би-Арғынбеков) 13 нысанда жаңа жолдардың құрылысы (Қонаев 1,2,3,5,6 кезеңдері, Оңтүстік, Шығыс айналма жолы, Самал-1,2,3 кезеңдері, Өтегенов көшесінің 1,2 кезеңі жол құрылыс жұмыстары), 5 нысанда қайта құру жұмыстары (А-2 2,4,7,8 кезеңдер, Адырбеков көшесі), 3 нысанда күрделі жөндеу (Ақжайық, қайтпас, Тассай «Алемтрансжол» шағын аудандарын және Қошқар-ата өзені арқылы өтетін 2 көпірді күрделі жөндеу).
Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 308 көшеге жүргізілуде. Осы жылғы ірі нысандар бойынша Қонаев даңғылы 3 кезеңі, Қонаев-Рысқұлов жолайрығының құрылысын және Самал-1,2,3 шағын ауданындағы жол құрылыс жұмыстарды аяқтау жоспарланған. Күрделі жөндеуден 3 нысанның құрылысы да осы жылы аяқталады.
Орташа жөндеу жұмыстары бойынша, бүгінгі таңда ұзындығы 155 шақырым болатын 80 нысанда жұмыстар аяқталды, қалған 72 нысанды тамыз айының соңына дейін толық көлемде аяқтау көзделген. Оның ішінде магистралды 10 көше (Республика, Рысқұлов, Иляев, Тәшенов, Ақназар хан, К.Цеткин, Жолан батыр, Дулати, Мангелдин, Тоқаев) бар.
Анарбеков Нұрпейіс Жапарұлы, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі