«AMANAT» партиясының 2023 – 2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» атты сайлауалды бағдарламасын әзірлеу барысында халықтың ұсыныс-тілектері жинақталып, партиялық бақылауға алынған болатын.
Шымкент қаласында Шапырашты тұрғындары жаз мезгілінде бау-бақшасын суғаратын ағын судың тапшылығынан, маңайдағы алқаптарды пайдалана алмайтын. Сайлаушылардың өтініші негізінде «Шапырашты» каналынының су өткізу қабілеттілігін, сыйымдылығын арттыру үшін күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бүгін қолданысқа берілді.
Аталмыш каналдың ашылуына «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы Б.Нарымбетов, Атқарушы хатшының орынбасары Е.Айтбаев, Қаратау ауданының әкімі Р.Мүлкеманов, әріптестерім, фракция мүшелері М.Қалмұратов, А.Зейнетаев және басқарма қызметкерлері мен мердігер компания қатысты.
Айта кетейік, каналдың ұзындығы 6,8 шақырым, жобалық құны 452,7 млн.тг құраса, ал 2023 жылға 240,4 млн.тг қарастырылған. Енді тұрғын алабтағы 500 га жер суғарылатын болады. Бұл өз кезегінде егістікпен айналысып жатқан жергілікті тұрғындарға көкөніс, бау-бақша өнімдерін дайындауға мүмкіндік береді.
СУЛАЙМАНОВ Лазиз Низамханұлы, Шымкент қаласының мәслихаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі