Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметАМАНАТТЫҚ ДЕПУТАТ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ!

АМАНАТТЫҚ ДЕПУТАТ ТҰРҒЫНДАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ!

«AMANAT» партиясының негізгі мақсаттарының бірі – халық мүддесін қорғап, үнемі жанынан табылу болса, дәл осы ретте қоғамдық қабылдау бөлмесі бұл мәселеде үлкен рөл атқарады. Бүгін  партияның Шымкент қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Шымкент қаласының мәслихаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Сулайманов Лазиз Низамханұлы қала тұрғындарына жеке қабылдау өткізді.

Қабылдауға келген азаматтар түрлі арыз-шағымын айтып, халық қалаулысынан мәселенің оң шешіміне ықпал етуін өтінді. Лазиз Низамханұлы негізінен жұмыссыздық, әлеуметтік көмек сұрап келген әрбір азаматты мұқият тыңдап, заң аясында жауап беріп қана қоймай, тұрғындардың алғысына бөленіп, көмек көрсетті.

Мәселен, Ұлан Оңдасова есімді азаматшаның тұрақты жұмысқа орналасуына себепші болса, Ташханим Мирзаеваның үйінің шатырын толықтай ауыстырып беретін болды. Сондай-ақ балаларына мектеп формасын сұрап келген Ляззат Абдугаппарованың өтініші де орындалды. Басқа тұрғындарға да бір реттік әлеуметтік көмек беріліп, мәселелері оң шешімін табуына ықпал етті.

KazPikiR тілшісі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР