2023 жылдың 11 қыркүйегінде Шымкент қаласы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен жамағат арасында «Спорт- бейбітшілік елшісі» атты шағын футболдан турнир өтті. Турнирге жалпы саны 10 команда қатысып, 4 команда финалдық ойындарға жолдама алды.
Іс-шараның негізгі мақсаты-діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, спортқа және патриоттық сезімге баулу болып табылады.
Аталмыш іс-шараның марапаттау рәсіміне Қоғамдық кеңес төрағасы Әлтеев Бауыржан Ілімшеұлы, Шымкент қаласының бас имамы Абдрахманов Бақдәулет Нұрматұлы және Шымкент қаласы дін істері басқармасының «Діни бірлестіктермен жұмыс және мемлекеттік қызметтер көрсету» бөлімінің басшысы Мәлік Әбдірахман Әбдіжапбарұлы қатысты.
Турнир нәтижесі бойынша
3- орын-Тайфун командасы;
2-орын- Мумтаз командасы;
1-орынды-Барыс командасы иеленді.
Жеңімпаз атанған командаларға арнайы сыйлықтар табысталды. Атап айтсақ, 1-орын кубок және велосипед, 2-орын-смарт сағат және құлаққап, 3-орын-спорттық рашгард 3/1.Бұл спорттық шара қаламызда алғаш ұйымдастырылуда және өзіндік дәстүрі қалыптасып, жылда өткізіледі деген ойдамыз.
KazPikiR тілшісі