Бүгін Түркістан облыстық мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Давлетяров Нұралы Абдрахимұлы AMANAT партиясының Түркістан облысы бойынша шалғай аудандарында мобильді қоғамдық қабылдауын өткізді. Іс шара «Бозай» ауылынан басталды. Қабылдауға келген азаматтар басты үш мәселені көтерді. Атап айтқанда: біріншісі, жайылым жер тапшылығынан халықтың өсіп-өне алмай қиналып отырғаны. Жайылым жерлердің бәрі дерлік жекеменшік азаматтарға өтіп кеткен. Ауыл тұрғындарының айтуынша сол жерлердің қазіргі басшылары мал жаю үшін ақша талап етеді екен. Осы орайда фракция мүшелері Президенттің бос жатқан жайылымдық жерлерді қайтару жөніндегі тапсырмасын алға тартып, тиісті органдарға депутаттық сауал жолдады. AMANAT партиясы фракциясының мүшесі Нұралы Абдрахимұлы алдағы уақытта мәселе оң шешімін табу үшін ықпал ететінін жеткізді. Ал, екінші мәселе ауыл аймағында денсаулық сақтау пункті жоқтығына байланысты көтерілді. Халық денсаулығын уайымдап жатқан ешкім жоқ па дейсің. Мемлекетіміздің тұрақты өркендеуі үшін әрбір азаматтың өмірі маңызды болуы қажет. Дамыған елде халқы тым болмағанда базалық қажеттіліктерін өтеуге міндетті. Сол себепті бұл шұғыл шаруаны да партия назарына алып, тиісті мекемелерге депутаттық сауал жолдады. Үшінші өзекті мәселе ауылдағы спорт кешенінің жоқтығы. Белсенді жастар көп, бірақ спортпен шұғылданатын орын жоқ. Бұл мәселе де партия назарына алынды.
KazPikiR