Қазақстан Республикасының Президенті, «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН: ЖАҢАРУ МЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ» атты қазақстандықтарға арнаған Жолдауын жариялады. Жолдауда Тәуелсіз еліміздің 30 жылдық тарихында Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен мол табыстарға жеткенімізді атап өтті.
Мемлекет басшысы қоғамның қажеттілігіне және сұранысына байланысты еліміздің саяси жүйесін кешенді жаңғырту бағдарламасын ұсынды. Осыған дейін қолға алынған өзгерістердің заңды жалғасы іспетті бұл бастамалар екі өзекті міндетті шешетінін нақтылап өтті. Біріншіден, қоғамды дәйекті түрде демократияландыруға септігін тигізеді. Екіншіден, мемлекеттің орнықты әрі басқаруға икемді болуын қамтамасыз етеді. Бұл ел ішінде болып жатқан іргелі қоғамдық өзгерістер мен шиеленісе түскен геосаяси тартыс кезінде айрықша маңызды екенін түсінумізі тиіс. Ел Президентінің «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын табысты жүзеге асырылып келе жатқанын білеміз. Сондықтан Жаңа Қазақстанды азаматтық қоғамы қалыптасқан тиімді мемлекетке айналдыру үшін «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидаты басшылыққа алынатыны демократиялық қоғамның негізгі алғышарттары екені белгілі.
Ел Президенті саяси құжатта стратегиялық мақсатымызға жетуге мүмкіндік беретін бірқатар бастамаларды ұсынды. Атап айтқанда: Президенттің өкілеттігі бойынша елімізде суперпрезиденттік басқару үлгісі қалыптасып, барлығы Президентке келіп тіреледі. Сондықтан партияның мемлекеттік аппаратқа кірігуіне мүлдем жол берілмей, саясаттағы монополия түрлі әлеуметтік кеселді туындататыны және мемлекетті дағдарысқа ұшырататынын түсіндірді. Мұнда Президент өзінің өкілеттігін атқару кезеңінде партиядағы мүшелігін тоқтата тұруға міндетті екені туралы заң жүзінде іске асырылатын болды. Бұл норма өз кезегінде саяси бәсекені арттырып, барлық партияның дамуына бірдей жағдай жасайды деген сөз.
Сонымен қатар, Президенттің жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметші болуға және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарды иеленуге заң жүзінде тыйым салынады. Бұл бастамалар қоғамды одан әрі демократияландыру үшін берік негіз қалыптастыратыны сөзсіз.
Түркістан облыстық мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Давлетяров Нұралы Абдрахимұлы