Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетӘлеуметТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІ ОҢ ШЕШІЛДІ!

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІ ОҢ ШЕШІЛДІ!

Мемлекет басшысы, «AMANAT» партиясының Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдасына орай, Шымкент қаласының мәслихат депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Имашев Қайрат Есенбекұлы «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалында кестеге сәйкес алғашқы қоғамдық қабылдауын өткізді.

Фракция мүшесінің қабылдауына 8 қала тұрғындары келіп, өздерінің өтініштерін жеткізді. Өтініштерін жіктей келе, тұрғын үй кезегі, денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек, кәсіп ашу, жеке және заң аясындағы мәселелерінің оң шешілуіне ықпал етті. Яғни, өтініштерін білдірген 8 азаматтың 5-нің мәселелері оң шешімін тапты. Ал, 3 азаматқа заң аясында түсініктер берілді.

Партия әрқашан халықтың мұң-мұқтажы мен талап-тілектерін басты назарда ұстайтынын дәлелдеп келеді. Әр фракция мүшесі қоғамдық қабылдау –  партияның алға қойған мәселерінің бірі екенін басшылыққа алатыны сөзсіз.  Бүгінгі қоғамдық қабылдаудағы фракция мүшесінің белсенділігі мен мәселелерді дер кезінде шешуі партияның халық алдындағы сенімін одан әрі нығайтады!

KazPikiR

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР