Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетСаясатБИЛІК ӨКІЛЕТТІГІН ҚАЙТА БӨЛУ – ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТЫ ТАЛАП ЕТЕДІ.

БИЛІК ӨКІЛЕТТІГІН ҚАЙТА БӨЛУ – ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТЫ ТАЛАП ЕТЕДІ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жобасы бойынша 2022 жылдың 5-ші маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойып, еліміздің алға қойған басымдықтарын айқындап берді. Конституцияда бірқатар билік өкілеттігін қайта бөлу бойынша өзгерістер енгізілетін болды.

Атап айтқанда, Сенаттағы Президент квота­сы­ның саны 15-тен 10 депутатқа дейін азаяды. Оның бесеуін Қазақстан халқы Ассам­блея­сы ұсынады. Сенаттың өкілеттігі бірқатар құқық­тармен толығады. Атап айтқан­да, Сенат Президент енгізетін Конститу­ция­лық Соттың және Жоғары Сот Кеңесі­нің төрағалары лауазымына канди­дат­тарды келісу құқығына ие болады.

Жалпы, Конституциялық Сот  құру арқылы конституциялық бақылау жасау институты жаңғыртылады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуына сенімі күшейеді.

Конституциялық Сот 11 судьядан тұратын болды, ал қазіргі Консти­туциялық Кеңестің 7 мүшесі бар. Бұл өз кезегінде нақтылық пен құқықтық жүйенің дамуына негіз болады. Сондықтан, Конституциялық Соттың құрамы мы­на­дай тәсілмен жасақ­тала­тын болды: 6 судьяны Пар­ламент, 4 судьяны Пре­зидент тағайындайды. Консти­ту­ция­­лық Сот­тың төрағасын жоға­ры­­да айтыл­ған­дай Сенат­тың келісі­мі­мен Президент таға­­­йын­­дайды. Бұл үлкен өзгерістерге алып келетіні сөзсіз.

Республикалық бюджеттің атқары­луын бақылау жөніндегі есеп комитеті Жоғары аудиторлық палата болып өзгере­ді. Оның төрағасы жылына екі рет Мәжіліс депутаттарының алдында есеп береді.

«Мемлекеттік хатшы» инс­титуты «Мемлекеттік кеңесші» инс­титуты болып өзгереді. Ол Мемлекет басшысына ұсы­ныстар мен ұсынымдар әзір­леумен айналысады.

Конституциялық реформалар қоғам талабына сай жүргізіліп отырғаны белгілі. Тәуелсіз еліміздің тарихындағы үшінші мәрте іске асырылатын жалпыхалықтық референдум халқымыз үшін тиімді болады деп санаймын!

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясының фракциясы жетекшісінің орынбасары Таңатарова Жадыра Нағашыбайқызы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР