Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетСаясатЕЛДІ БАСҚАРУ ІСІНЕ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАТЫСУЫ - ЗАҢДЫЛЫҚ!

ЕЛДІ БАСҚАРУ ІСІНЕ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАТЫСУЫ – ЗАҢДЫЛЫҚ!

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, саяси реформада бірқатар өзгерістер орын алатыны белгілі. Конституциялық реформа – Прези­дент­тің наурыз айындағы Қазақстан халқына Жолдауында айтылған саяси реформалар бағ­дар­ламасын жүзеге асыру үшін қол­ға алынған маңызды іс-шара.

Конституциялық түзетулер жобасы азаматтардың сұранысына негізделген және бүкіл қоғамның мүддесі үшін жүзеге асырылмақ. Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен то­лық­тырулар жобасын белгілі заң­­гер-құқықтанушылар және конс­­титуциялық құқық саласы­ның ма­мандары әзірледі. Оған Конс­ти­туциялық Кеңес оң бағасын берді.

Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың бәрі өзара байланысты және бір мақсатты көздейді. «Қазақстан Республикасының Консти­ту­циясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы республи­калық баспасөзде 6 мамыр күні ресми түрде жарияланды.

Конституцияның қазіргі және жаңа нұсқаларының айыр­машы­лығын түсіну, ұсынылып отырған көптеген түзетудің байыбына бару мұндай істен хабары аз адам үшін қиындық туғызатыны анық.

Сондықтан жұртқа ұғынықты болу үшін бұл түзетулер Ата Заңның нақты баптары мен тар­мақ­тары көрсетілген бірнеше бөлікке бөлінген. Соның ішінде елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту бойынша бірқатар өзгерістер енетін болды. Мәселен, негізгі Заңда жер және жер қойнауы, су, өсімдіктер мен жан­уарлар дүниесі, басқа да таби­ғи ресурстар халыққа тиесілі екені жайындағы норма нақты және кесімді түрде бекітілген. Мен­шік құқығын халықтың атынан мемлекет жүзеге асырады.

Жоғарыда айтылғандай, Мәжі­ліс депутаттарын аралас сайлау жүйесімен: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағында пропорционалды жүйе бойынша, сондай-ақ бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайлау ұсынылады. Сондай-ақ бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Мәжі­ліс депутаттарының мандатын кері қайтарып алу мүмкіндігі пайда болады.

Облыстардың, республикалық маңы­зы бар қалалардың және астананың әкім­дерін Прези­дент өңірдің (қаланың) мәс­ли­хат­тарының барлық депутаттың келі­сі­мімен және баламалы негіз­де (кемін­де екі кандидатура ұсыны­лады) тағайын­дайтын болады. Осылайша, белгілі бір өңірдің дамуына жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару ісіне берілетін кепілдік нығая түседі.

Бұл өзгерістер еліміздің демократиялық дамуына негізгі бағдар болады деген сенімдемін!

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Қозбахов Шыңғыс Лесбайұлы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР