Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетЭкономикаАУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ - МЕМЛЕКЕТТІ ДАМЫТАТЫН САЛА

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТТІ ДАМЫТАТЫН САЛА

«AMANAT» партиясының «Халықпен бірге!» атты 2023-2027 жылдарға арналған Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын орындау мақсатында әзірленген Жол картасының 4-ші тармағының орындалуын қадағалау мақсатында «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының міндетін атқарушы Б.Тулегенов және қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Қ.Базарбеков Жол картасы аясында шаруашылығын кеңейтіп жатқан «Эгамназаров» ЖШС шаруа қожалығына барды.

Шымкент қаласы Базарқақпа тұрғын алабындағы «Эгамназаров» сүт фермасында бүгінде Еуропа елдерінен (Венгрия, Дания) әкелінген 360 бас сүтті бағыттағы асыл тұқымды ірі қара мал (голштейн, қызыл дат) өсірілуде. Жоба құны 500 млн. теңге қаржыны құрайтын шаруашылық тәулігіне 2,5-3 тонна сүт өндіріп, жергілікті сүт өңдеуші кәсіпорындарға өткізеді. Шаруа қожалығында 6 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

Кәсіпкер Каримжан Ибрагимұлы алдағы уақытта тауарлы сүт фермасын кеңейту мақсатында қаланың шеткі аумағынан жер телімін дайындап жатқанын айтып өтті. Осылайша 15 адамды жұмыспен қамтып, өндірілетін сүт көлемін арттыруды жоспарлауда.

Мал шаруашылығы, соның ішінде сүт шаруашылығын дамытуға қазіргі таңда көп көңіл бөлінуде. Өзіміздің ағарғанмен жергілікті нарықты барынша қамтып, импорттық өнімдерді шектеу мәселесін Мемлекет басшысы міндет еткен болатын. Сол үдеден шығу үшін «AMANAT» партиясы сайлауалды уәдесінде осы бағыттарды жіті назарға алды.

KazPikiR тілшісі

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР