Жаңа оқу жылы басталар қарсаңында жатақхана мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Ағымдағы жылдың 17 тамыз күні «Жастар Рухы» ЖҚ Шымкент қалалық филиалы, қаламыздың ЖОО-на мониторинг жұмыстарын жүргізіп, бірнеше кемшіліктерді анықтаған болатын. Айтылған ескертпелердің орындалуын бақылау мақсатында арнайы мониторингтік топ қаламыздың жатақханаларына екінші рет барды.
Жоғары медицина колледжі жаңа 204 орындық жатын орыннан тұрады. Жатақханада студенттердің уақытын тиімді пайдалану мақсатында заманауи тренажер залымен және Wi-Fi интернет желісімен жабдықталған. Одан бөлек, жабық футбол алаңы мен спорт комплексі биыл оқу жылы басталар шақта іске қосылмақ. Студенттер үшін акт залы, компьютер және оқу залы, кір жуу бөлмесі мен сахна да қарастырылған.
Әр секторда жууыну бөлмесі, ас бөлмесі және әжетхана бар. Жатақхана толықтай бейнебақылаумен қамтамасыз етілген. Жатақхананың 1 айлық төлем ақысы 6000 теңгені құрайды.
KazPikiR тілшісі