Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Сүлейменов Қайрат Мұсаханұлы «AMANAT» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты Шымкент қаласы бойынша сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында дайындалған Жол картасындағы 124-ші индикатор бойынша қаладағы 4 аудандық полиция басқармаларының жанынан «Бір терезе» қағидаты бойынша ашылған фронт-офистерге арнайы барып, атқарылған жұмыстар мен аудандық полиция басқармаларының бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысты. Аудандық полиция басқармаларының күзет қызметімен, күзет сигнализациясы құралдарын монтаждаумен, ретке келтірумен және оларға техникалық қызмет көрсетумен айналысатын субъектілер жөнінде де ақпараттар берілді. Сондай-ақ, құқық бұзушылықтар профилактикасы, қоғамдық тәртіпті сақтау, жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу және қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу туралы ақпараттармен таныстырылды.
KazPikiR