Құнды пікірлер - ұлы идеялардың бастауы!

Басты бетСаясатӨКІЛДІ БИЛІКТІҢ МӘРТЕБЕСІ АРТАДЫ!

ӨКІЛДІ БИЛІКТІҢ МӘРТЕБЕСІ АРТАДЫ!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен мемлекетіміздегі Конституциялық реформалар еліміздің келешегі үшін жасалынып жатқан игі істер екені белгілі. Осы өзгерістердің ішінде парламенттің рөлі мен мәртебесінің өзгеруі өкілді билік тармағына сенім күшейеді дегенді білдіреді. Мәселен, Президент Конституциялық Сот­тың және Жоғары сот Кеңесінің төр­ағаларын тағайындау үшін Сенат­тың келісімін ала­ды. Сондай-ақ Президент Сенатқа 15 емес, 10 де­путат тағайындайды. Оның 5-еуі Қазақстан халқы Ассам­блея­сы­ның ұсынысы бойынша тағайын­далады. Қазақстан халқы Ассам­б­леясының Мәжілістегі кво­тасы Сенатқа беріледі. Оның саны 9-дан 5 депу­татқа қысқа­рады. Соған сәйкес, Мәжіліс депутаттары­­ның жалпы саны 107-ден 98-ге азайып, сапалы жұмыстар талап етілетін болады. Ал, Мәжіліс депутаттары аралас сайлау жүйесімен, яғни про­по­р­­ционалды және мажоритар­лы жүйе бойынша сайланады. Бұл аралас сайлау жүйесі барлық азаматтардың құқықтарын толық сақ­­тауға, сайлаушылардың мүддесін қорғауға тиімді мүмкіндіктер береді.

Сайлаушылардың бір мандатты сайлау округі бойынша сайланған Мәжіліс депутаттарынан мандатты кері қайтарып алу құқығы енгізіледі. Бұл өз кезегінде сайлаушылардың саяси талаптарын іске асырып, депутаттардың жауапкершілігін арттырады. Әр халық қалаулыларының тұрғындарға айтылған уәдесін мүлтіксіз орындауды талап етеді. Мәжілістің құзыреті кеңейіп, рес­публикалық бюджеттің атқарылу сапасына парламенттік бақылау күшейеді. Сонымен қатар, респуб­ликалық бюджеттің атқарылуын бақы­лау жөніндегі есеп комитеті Жо­ғары аудиторлық палата болып қайта құры­лады. Оның төрағасы жылына екі рет Мәжіліс депутаттарының алдында есеп береді. Бұл Мәжі­лістің және жалпы Парла­менттің мәртебесін одан әрі күшейте түседі.

Саяси жүйеде тепе-теңдік және теже­мелік тетіктерді нығайту және заң шығару жұмысын оң­тайландыру мақ­сатында Мәжі­ліске заңдарды қабыл­­дау, ал Сенатқа заңдарды мақұлдау не мақұл­дамау құзы­реті бері­леді.

Парламент конституциялық заңдарды Палаталардың бірлескен отырысында, кемінде екі оқы­лым­да қабылдайтын болады. Сонда сапалы әрі қоғамның игілігі үшін жұмыс жасайтын нақты заңдар қабылданып, тиімді заңдар халық үшін іске асырылатын болады.

Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, республикалық штабтың мүшесі Қожамжарова Дария Пернешқызы

Ұқсас мақалалар

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР