Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қоғамның талабын орындау мақсатында Тәуелсіз Елімізде демократиялық қағидалардың дамуы үшін саяси реформалар жасауды алға қойды. Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХХІ Сессиясында референдум өткізу туралы бастама көтерді. Бұл дер кезінде айтылған бастама деп есептеймін. Сондықтан Конституциялық реформалар негізгі мақсаты елді басқару ісіне халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту болып табылады.
Сонымен Ата Заңда жер және жер қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар халыққа тиесілі екені жайындағы норма нақты және кесімді түрде бекітілген. Меншік құқығын халықтың атынан мемлекет жүзеге асырады. Мәжіліс депутаттарын аралас сайлау жүйесімен: біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағында пропорционалды жүйе бойынша, сондай-ақ бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайлау ұсынылады. Сондай-ақ бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша сайланған Мәжіліс депутаттарының мандатын кері қайтарып алу мүмкіндігі пайда болады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдерін Президент өңірдің (қаланың) мәслихаттарының барлық депутаттың келісімімен және баламалы негізде (кемінде екі кандидатура ұсынылады) тағайындайтын болады. Осылайша, белгілі бір өңірдің дамуына жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару ісіне берілетін кепілдік нығая түседі. Халықтың ел басқару ісіне белсене қатысуы артатын болады. Бұл нағыз демократияның дамуына негіз болатыны анық.
Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, республикалық штабтың мүшесі Қожамжарова Дария Пернешқызы