Елдегі Конституциялық реформалардың іске асуында суперпрезиденттік басқару үлгісінен президенттік республикаға түбегейлі көшу міндеті нақтыланды. Тәуелсіздік алған жылдары еліміз үшін суперпрезиденттік басқару қажет болғанын білеміз. Мемлекетіміздің саяси сахнада орны мен рөлін белгілеу үшін қажеттілік екені заңдылық. Ал, реформа билік тармақтары арасындағы қарым-қатынастың тепе-теңдігін және оңтайлы болуын қалыптастырады. Сондай-ақ президенттік институттың барынша дербес болуын қамтамасыз етеді.
Ата Заңымыздың 43-бабына 3-тармақ қосылады. Онда Қазақстан Республикасының Президенті өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде саяси партияда болмауға тиіс деп көрсетіледі. Осы логикаға сәйкес Конституциялық Соттың, Жоғарғы Соттың және өзге де соттардың төрағалары мен судьяларына, Орталық сайлау комиссиясының, Жоғары аудиторлық палатасының төрағалары мен мүшелеріне де осындай тыйым салынады. Соның нәтижесінде саяси бәсеке артып, барлық саяси партияны дамытуға бірдей жағдай қалыптасады, дербес әрі әділ шешім қабылдауға жол ашылады.
Мемлекет басшысы барлық азаматқа тең мүмкіндік берілуінің мызғымас кепілі болуға тиіс. Сол себепті Конституцияның 43-бабына 4-тармақ қосылады. Онда «Президенттің жақын туыстары мемлекеттік саяси қызметшілердің, квазимемлекеттік сектор субъектілері басшыларының қызметтерін атқаруға қақысы жоқ» деп көрсетіледі.
Президент облыс аумағында орналасқан мәслихат депутаттарының немесе республикалық маңызы бар қалалардың және астананың мәслихат депутаттарының келісімімен тағайындайды.
Бұл ретте Мемлекет басшысы кемінде екі кандидатура ұсынып, дауысқа салады. Дауыс беруге қатысқан депутаттардың көпшілігінің дауысына ие болған кандидат келісім алған болып саналады.
Осылайша, жергілікті билікке қатысты Президенттің өкілеттігі азайып, ол мәслихаттардың рөлін айтарлықтай арттыру арқылы өңірлік деңгейдегі әкімдердің қолына жинақталады. Бұл өз кезегінде демократиялық тәртіптің қалыптасып, дамуына септігін тигізеді.
Шымкент қаласының мәслихат депутаты, AMANAT партиясы фракциясының мүшесі, республикалық штабтың мүшесі Қожамжарова Дария Пернешқызы